Түркі халықтарының натурфилософиясында қошқар жұмақта болған жалғыз жануар болып есептеліп, құрбандық шалу рәсімдерінде ғұрыптық жануар болып тағайындалған. Өрнек көптеген түркі халықтарының өнерінде кең таралған.
«Қошқар мүйіз» туындыларының бірі – Ғаламдық ағаш, яғни Бәйтерек бейнесімен мағыналық тұрғыда байланысқан «қос мүйіз» нақышы. Ол қорғаныс сиқырында басты рөл атқарды. «Қошқар мүйіздің» тағы бір туындысы «сыңар мүйіз» (бір мүйіз) – берекелі өмірдің, ғұрыптық құрбандықтың белгісі. Материалдық байлықтың баламасы.
Басқа нұсқа бойынша, «қос мүйіз» гүлөрнегі – барлық тіршілік иелеріне өмір сыйлайтын тыныштық пен үйлесімділік жағдайындағы жердің нышандық бейнесі. Бұл мағына әу баста шаруашылық құрылымы көшпелі өмір салтына ауысқанға дейін ою-өрнекке тән болған.
.